Валюта болжамы: 1 қазан - 5 қазан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (1 қазан- 5 қазан).

АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің пайыздық мөлшерлемені көтеретіні анық еді. Алайда аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар соңғы отырыстағы қатаң сынға мән берді.  

ОПЕК шешімінен кейін, мұнай бағасының көтерілгені мен («Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ,«Альпари») қарашада АҚШ-та өтетін сайлау («Телетрейд Групп») теңгенің нығаюы үшін жағымды болды. Ал ішкі триггерлер ішінен Ұлттық банктің елдегі ЕДБ-лерде долларлық депозиттердің айтарлықтай қысқарғаны туралы статистикасы айтылды («Альпари»).

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

Наталья Мильчакова,  «Альпари» сараптамалық департаменті директорының орынбасары:

1 қазан - 5 қазан

19 қыркүйек пен 27 қыркүйек аралығында дамушы елдердің көптеген валютасы нығайды. 26 қыркүйек күні АҚШ ФРЖ-сы пайыздық мөлшерлемені көтеруге шешім қабылдағанына қарамастан, доллардың әлемдік резервтік валюталарға қатысты бағамы күшейді, бірақ оның дамушы елдердің көптеген валютасына қатысты бағамы әлсіреді.  Аталған уақытта мұнай бағасының жоғары болып бір баррель үшін 80 доллар болғаны ресейлік рубль мен қазақстандық теңгені нығайтты.

Ұлттық банк Қазақстан банктеріндегі долларлық депозиттер көлемі 2,5%-ға,  8,1 трлн теңгеге дейін төмендегені туралы статистиканы жариялады.  Қазақстанның долларға деген тәуелділігі азайғаны туралы жаңалық ұлттық теңге бағамының нығаюына көмектесті.

Теңгенің долларға қатысты бағамы бойынша жаңа болжам жасап, бір доллар 362-366 теңге болады деп отырмыз. Ал ресейлік рубльге қатысты бағам бір рубль үшін  5,45-5,57  теңге болуы мүмкін.

Сергей Дроздов, аналитик группы компаний «ФИНАМ»:

1 қазан - 5 қазан

Қыркүйек айындағы отырыс қорытындысы бойынша АҚШ ФРЖ-сы негізгі пайыздық мөлшерлемені жылдық 2-2,25%-ға дейін көтеріп, тұрақты экономикалық өсуге мән берді. Сөйтіп желтоқсанда бір рет, келесі жылы үш рет және 2020 жылы бір рет пайыздық мөлшерлеме көтеріледі деген болжамды өзгеріссіз қалдырды. ФРЖ басшысы Джером Пауэлл сауда соғыстары биржа алаңдарындағы жағдайға әсер етуі мүмкін екенін еске салды.  

Менің ойымша, АҚШ ФРЖ-сы өте жоғары монетарлық саясаттан ақырындап кетуді жалғастырған сайын, доллардың барлық әлемдік валюталарға қатысты бағамы жоғары болады, оның ішінде еурода бар. Осыдан барып, алдағы екі- үш айда еуро-доллар 1,15-1,18 шамасында болуы мүмкін.

АҚШ 2008 жылы дағдарыс болғанда, сандық жеңілдету бағдарламасын бірінші болып енгізіп, қаржылық нарықтарға тегін өтімділік жеткізе бастағанына жеке тоқталып кетуге болады. Қазіргі жағдайда өзінің экономикасын құлдыратып жібермей, биржа алаңдарында кезекті дағдарыс тудырмау үшін ФРЖ пайыздық мөлшерлемені жоспарлы түрде біртіндеп көтеруде. Сондай-ақ алдағы уақытта басқа да әлемдік Орталық банктер ынталандырушы шараларды  ұсынатынын көруге болады.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,2-5,6 теңге, долларға қатысты бағамы 358-362 теңге және еуроға қатысты бағамы  418-422 теңге болады деп болжап отырмыз. 

Олег Богданов, «Телетрейд топ» компаниясының бас сарапшысы:  1 қазан - 5 қазан

Қазақстандық теңге тағы да emerging markets валюталарының сатылуына түсті. Бұл жолы ол АҚШ ФРЖ-сының соңғы отырысындағы қатаң сынға байланысты болып отыр. Сонымен қатар ФРЖ пайыздық мөлшерлемені 2019 жылы үш рет көтеру мүмкіндігін болжап отыр. Осының барлығы доллардың негізгі валюталарға қатысты бағамын өсіріп, доллар көрсеткіші 19- дан асып кетті. Егер негізгі қор индекстері төмендеп, әлемдік қаржы жүйесінде тәуекел өсетін болса, бұл беталыс тек күшейеді. Сол себепті теңгенің динамикасы жайлы болжам қолайсыз болып қала бермек.

Пара USD/KZTжұбы 370 теңгеге жуықтайды, ал еуроның теңгеге қатысты 430 теңгеге дейін төмендейді, ал теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,6 теңгеге дейін төмендеуі мүмкін. Ал Ресейге қарсы америкалық санкциялар АҚШ-тағы қарашада өтетін сайлауға байланысты әзірге кейінге қалдырылып отыр.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:   1 қазан - 5 қазан

Мұнай бағасы сенімді түрде өсіп, рубьльге қолдау көрсетті.

АҚШ-та негізгі мөлшерме көтерілді. Пайыздық мөлшерлеменің көтерілетіні белгілі болған, сондықтан валюта бағамдарына бұл еш әсер етпеді.

Рубльге санкцияларға қатысты әсер еткен негізгі жағымсыз жайлар артта қалды, енді қарашаға дейін рубль қазіргі шамада саудаланады. Сондай-ақ Ресей қаржы министрлігінің қазан айында нарықта валюталарды сатып алу немесе сатып алудан бас тартуы туралы шешімі де маңызды рөл атқарады.

Келесі аптада доллар 360-375 теңге, рубль 5,3-5, 5 теңге, Brent маркалы мұнай бағасы 80-85 доллар, бір биткоин 5500 -7500 АҚШ доллары болады деп болжап отырмын.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

1 қазан - 5 қазан

Өткен аптада қазақстандық валютаның ресейлік рубльге және америкалық долларға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевтің Ұлттық банк 2018 жылдың соңына дейін ақша – несие саясатын күшейтпейді дегені себеп болған сияқты. Бұл Ұлттық банк өзінің соңғы екі отырысында базалық мөлшерлемені көтереді деген сөз. Қазір базалық мөлшперлеме 9%. Реттеушінің шешімі қыркүйектегі және төртінші тоқсандағы инфляция көрсеткішіне байланысты болады. Инфляциның өсу қаупі теңге бағамына жағымсыз әсер етті. Қыркүйек айына қатысты мәліметтер осы аптада шығады. Тамыз айында инфляция жылдық көрсеткіште алты пайыз болған. Банк депозиттерінің жиынтық көлемінің шілдемен салыстырғанда тамызда 2,6%- ға төмендеуі қосымша жағымсыз жағдай болған шығар. Бұл ретте заңды тұлғалардың депозиттері 6%-ға төмендеген.

Алдағы аптада құбылмалық деңгейі бір рубль үшін 5,35-5,6 теңге және бір доллар үшін 355-371 теңге болуы мүмкін. Мұнай бағасы қымбаттайтын болса, қазақстандық валюта тұрақтануы мүмкін деп олаймын.

1 қазан - 5 қазан

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу